Қазақстан — ұлан-ғайыр жері бар, табиғаты әсем, табиғи байлықтарға толы мемлекет. Бірақ осы байлықты сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу – әрбір азаматтың парызы.
Соңғы жылдары елімізде экологиялық жағдайға ерекше мән беріліп жатыр. Соның бірі — «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы.
Бұл жоба елдегі тазалықты сақтау, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылып келеді. «Таза Қазақстан» акциясына мыңдаған еріктілер, оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, тіпті қарапайым тұрғындар да қатысып, өз қалалары мен ауылдарын тазалауға белсене атсалысуда.