
Осындай жағдайда Қазақстан да өзінің экологиялық саясатын күшейтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударып отыр.
«Таза Қазақстан» – бұл тек бір күндік сенбілік емес, ол – болашаққа жасалған үлкен қадам. Таза табиғат – дені сау ұрпақтың кепілі. Әр азамат өз үйінің ауласын таза ұстаса, қоқысты жерге тастамаса, ағаш отырғызса – еліміздің экологиялық жағдайы әлдеқайда жақсарады. Таза Қазақстан – ол тек мемлекеттік бағдарлама емес, ол – әрбір қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.
Таза Қазақстан – дені сау ұрпаққа, жарқын болашаққа тартар жол. Әркім осы жолдың бір ұшын ұстап, елді көркейтуге ат салысу қажет.