Сәтбаев қаласында «Есірткісіз болашақ!» атты ауқымды форум өтті. Ә.Марғұлан атындағы мектепте ұйымдастырылған шараға қала мектептерінен жиналған 400-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.
Форум барысында жастарға есірткінің зияны түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Қызметтік иттер есірткі мен тыйым салынған заттарды анықтау бойынша шеберліктерін көрсетсе, арнайы жасақ сарбаздары жауынгерлік дайындықтарын паш етті.
Сонымен қатар оқушылар арасында АК автоматын шашып-жинаудан жарыс ұйымдастырылып, белсенді азаматтар марапатталды.
Жастар – елдің болашағы. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз.




