Көріңізші
“Таза Қазақстан” акциясы аясында — 500 қап қоқыс жиналды! 🌿
Бүгін Сәтбаев қаласында өткен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында жастар белсенділік танытып, қала аумағынан 500 қапқа жуық қоқыс жиналды.
Шараға 75 жас ерікті қатысып, табиғатты таза ұстауға өз үлестерін қосты. Акцияны “Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімі” ұйымдастырып, Жастар ресурстық орталығы белсенді атсалысты. 💪