«Таза Қазақстан»

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

 

Бүгін, Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама — «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу акциясы өтуде. Іс-шараның мақсаты — тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру.

Жезқазған қаласында «Таза қала» акциясы аясында жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен Алашахан даңғылы мен «Наурыз» саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Сәтбаев қаласының жастары мен «Таза Сәтбаев» волонтерлік ұйымының мүшелері экологиялық акцияға белсене қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл жолы қатысушылар қаланың орталық бөліктерінде қоқыс жинап, арамшөптерді тазалады.

Акцияға мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, блогерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар және еріктілер қатысты. Сондай-ақ, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері ақпараттық қолдау көрсетті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері 10 облыстық және 15 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» шарасы өткізіліп келеді.

2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлытау облысында 14 мыңнан аса ағаш егілді.

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазақазақелі #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan #Ұлытауоблысы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *