жаңалық
Пт. Ноя 14th, 2025

«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында екі ел басшыларының сұхбаты өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында екі ел басшыларының сұхбаты өтті

Ташкентке жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев «Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында жүздесіп, екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

 

Көшбасшылар өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық байланыстар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Тараптар екі халықтың ортақ тарихы мен достығына негізделген өзара серіктестікті нығайту маңызды екенін атап өтті.

 

Президенттер алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздерге дайындық барысын да қарастырып, нақты бастамалар бойынша келісімдерді пысықтады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *