Давос форумында «Бейбітшілік кеңесі» ресми түрде таныстырылды. Ұйымның жарғысына қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Олардың арасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан және басқа да мемлекет басшылары бар. Келісімнің мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, соғыстар мен жанжалдарды болдырмау, бейбітшілік орнату, мәдени және экономикалық байланыстарды дамыту. Ұйым әлемдік деңгейде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ат салысады, елдер арасындағы сенімді арттырады. Бұл бастама аймақтық және жаһандық тұрақтылық үшін маңызды қадам болып саналады.

Поделиться
Похожие статьи

АКТУАЛЬНО
Алмағайып заманда еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

АКТУАЛЬНО
В Сатпаеве прошел антинаркотический форум «Чистое сознание – светлое общество», в котором приняли участие более 500 подростков

АКТУАЛЬНО
Балалар массажы бойынша тәжірибем мен кәсіби дамуым

АКТУАЛЬНО