Сәтбаев қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Осы бағытта қала аумағында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, білім беру ұйымдары мен ірі сауда нысандарының маңында жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы ережелеріне қатысты арнайы жол белгілері орнатылды.
Жаңа жол белгілері жүргізушілердің назарын күшейтіп, жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға, жолдан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді. Бұл шара мектептер мен балабақшаларға баратын балалардың, сондай-ақ супермаркеттерге келуші тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, жол белгілерін орнату — жол-көлік оқиғаларының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, адам көп шоғырланатын орындарда жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қала әкімдігі алдағы уақытта да балалардың қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы шараларды күшейтетін болады. Бұл — қауіпсіз қала қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.




