«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарының бірі – Шакенова Гүлдана.
Жас кәсіпкер өз идеясын жүзеге асыру мақсатында аталған мемлекеттік грантқа қатысып, нәтижесінде 3 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.
Бұл қаражаттың көмегімен ол киім бұйымдарын заманауи технологиялар арқылы өңдеуге бағытталған кәсібін бастады. Гүлдана өз ісінде DTF және жібек баспа әдістерін қолданып, жоғары сапалы, ерекше дизайндағы өнімдер шығаруда. Мұндай әдістер қазіргі уақытта сән индустриясында үлкен сұранысқа ие және киім сапасын арттырумен қатар, отандық брендтердің дамуына жол ашады.
Осындай жаңашыл идеялар мен табанды еңбек — еліміздің экономикалық және мәдени дамуының негізі. Сәтбаев қаласында жас кәсіпкерлердің өз арманын іске асырып, тың бағыттарды қолға алуы қуантады. Бұл — қаламыздың дамуында, жастардың белсенділігі мен іскерлігінде үлкен серпін бар екенін көрсетеді.
Гүлдана секілді еңбекқор жастар — еліміздің болашағы.
Олардың табысты істері өзге жас буынға шабыт беріп, жаңа идеялардың тууына себеп болады.
Сәтбаев қаласының дамуына үлес қосып жүрген әр азаматқа, жаңа кәсіп бастаған, ел игілігі үшін тер төгіп жүрген барша жастарға алғыс білдіремін. Табыстарыңыз еселеніп, істеріңіз өркендей берсін!