Су ресурстарын басқару – маңызды міндет

Жаңалықты бөлісіңіз:

Су ресурстарын басқару – маңызды міндет

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздегі су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. Президент өз сөзінде: «Еліміздегі су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау қажет», – деп атап өтті.

 

Бұл бастама — суды үнемдеп, оны әділ әрі тиімді бөлуге бағытталған маңызды қадам. Қазір еліміздің кейбір өңірлерінде су тапшылығы байқалып отыр. Сондықтан суды дұрыс басқару мен бақылау – халықтың тұрмыс сапасына және ауыл шаруашылығының дамуына тікелей әсер етеді.

 

Цифрлық жүйе арқылы әр аймақтағы су қоры нақты есепке алынып, ысырап азаяды. Сонымен қатар, бұл жаңа технология ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

 

Президент тапсырмасы бойынша енді осы бағытта нақты жұмыстар атқарылуы керек. Су – өмірдің негізі. Сондықтан оны үнемдеу мен дұрыс пайдалану – баршамыздың ортақ міндетіміз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *