Сырым Салиханов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту – басты міндеттердің қатарында.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Департаменттің негізгі қызметі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі едәуір жетілдірілді. Атап айтқанда, қызметтердің басым бөлігі электрондық форматқа көшіріліп, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасалуда. Бұл өз кезегінде уақыт үнемдеуге, адами факторды азайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, өңірде мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкелері ұйымдастырылып, халыққа қызметтерді алу тәртібі түсіндірілуде. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді .
Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағытта тұрақты түрде семинарлар, кездесулер және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған шаралар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, халықпен тиімді байланыс орнатуға ықпал етеді .
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері де басты назарда. Мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету, қызмет көрсету барысында заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында бірлескен жұмыстар атқарылуда .
Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі нығая түсті.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, цифрландыру деңгейін арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет – бұл халыққа қызмет ету. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз ісіне жауапкершілікпен қарап, сапалы әрі тиімді қызмет көрсетуге ұмтылуы тиіс.




