Шұңқырсыз жолдар: Алғаш рет суық битумды асфальт төселеді

Жаңалықты бөлісіңіз:

Жолдардағы шұнқырларды жабу үшін облыс көлемінде алғаш рет жаңа технологиямен суық битумды асфальт төселеді. Бүгін Қызылорда облысынан 161 тонна салқын асфальт әкелінді. Жұмыстар дүйсенбі күні басталады. Шұңқырларды жөндеуді қажет ететін 30 көшенің тізімі анықталды. Ұлытау, Абай көшелері бұл тізімге кірмейді. Қаланың басты жолдарының бірі Ұлытау көшесіне тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Себебі, биыл осы жол астынан өтетін жылу желілері ауысады. Ал, Абай көшесінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Суық асфальт – қиыршық тас пен тұтқыр битумның құрамы. Ол суық күйде шұнқырлар, жарылған жерлер, жарықшақтарды жөндеуге қолданылады. Бұл материал арнайы кез келген климаттық аймақтарда және кез келген ауа температурасына, қыста -20 градусқа дейін, жазда да қолдануға болады. Ол ешқандай араластыруды, қыздыруды және арнайы құралдарды қажет етпейді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *