Сайлауға мән бере  білу керек

Жаңалықты бөлісіңіз:

Сәтбаев  аумақтық сайлау комиисиясының төрағасы 

Ернар Жақияұлы Смағұловпен сұхбат

-Алғашқы сұрақ. Кейінгі кездері «Сайлау күні» туралы жиі айтыла бастады. Бұл қашан белгіленген еді?

-Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Биыл  бұл күн 6 ақпанға сәйкес келді.

Аталмыш мереке 2005 жылы Қазақстан толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлау органдарының қауымдастығының Дүниежүзілік конференциясы кезінде белгіленді.

 Дүниежүзілік сайлау күні азаматтардың дауыс беру құқықтарының қажеттілігі туралы хабардар болуын  арттыруға және сайлау процестерін жақсартуға бағытталған және жаһандық демократияны қолдауға, сайлау туралы білімді арттыруға және сайлаушылардың сайлауға қатысуын ынталандыруға бағытталған.Өйткені, әрбір азамат сайлауға мән бере білуі керек.

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараларды дайындау және өткізу барысында сайлау үдерістерін ұйымдастырушылар, саяси партиялар мен  жалпы қоғам болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін көтеру, жастардың бойында білім, біліктілік дағдыларын дамыту, сайлау құқықтарын саналы түрде жүзеге асыру сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтиды.Бұлардың арасында, әрине, сайлау құқығының аспектілері, сайлау қатынастары мен процестерінің әртүрлі аспектілерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, заңнамалық жаңалықтар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық реформасы контекстінде сайлау институтына қатысты өзгерістерді талқылау,  сайлауды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың жауапкершілігі және  мүгедектердің дауыс беруі, мүгедектердің сайлау құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау және сайлау үдерістерін дамытуға қатысты басқа да мәселелер бар.

-Өзіңіз төрасы болып табылатын  аумақтық комисия , оның жұмысы туралы айтсаңыз.

-Сәтбаев қалалық аумақтық сайлау комиссиясы өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес  өкілеттігі шегінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп сайлау заңнамасының сақталуына байланысты жұмыстар жүргізілуде, сайлаушылар тізімі мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпараттың өзектілігі мен дұрыстығы қадағаланады, қажет болған жағдайда сайлау округтеріне өзгерістер енгізіледі.

Қалалық аумақтық комиссия тұрақты түрде сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды жүргізеді: қазіргі таңда 257 сайлау комиссиясы мүшелерінің қашықтықтан оқыту мен тестілеуден өткендігі туралы сертификаттары бар.

-Сайлау күніне байланысты қандай іс –шаралар болып өтті?

-Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту  аясында қаламызда Сәтбаев қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінде «Біз болашақ сайлаушылармыз» атты танымдық сабақтар, ақпараттық сағаттар сияқты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қала жастары арасында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің «дөңгелек үстелі» және «Қазақстан Республикасының сайлау құқығын меңгеру» блиц-турнирі өтті.

       Қаланың орталық кітапханасында  «Қазақстан: сайлау жүйесі және құқықтық аспектілері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясында «Ашық есік» күні өтті.

-Жұмыстарыңызда кейінгі кезде қандай жаңалықтар пайда болды?

-Биылғы  1 қаңтардан бастап Ұлытау облысының  аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 қазандағы № 24  «Ұлытау облысы бойынша сайлау учаскелерінің бірыңғай нөмірленуін белгілеу туралы» қаулысы күшіне енді.  

 Осыған байланысты Сәтбаев қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қалалық сайлау округтеріне тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Ақпарат сайлаушыларға Сәтбаев қаласы әкімдігінің сайтының «Сайлау» бөлімі арқылы жеткізілетін болады.

-Рахмет.

А.Аян.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *