2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазған теміржол вокзалынан Маңғыстау облысына дейін тікелей жүрдек жолаушылар пойызы іске қосылады.
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызының маршруты Маңғыстау станциясына дейін ұзартылды.
Енді жолаушылар Жезқазған қаласынан Маңғыстау өңіріне тікелей қатынай алады. Жол жүру уақыты шамамен 29 сағатты құрайды. Жиілігі - аптасына 2 рет.
Пойыз билеттері сатылымға шығарылды.
t.me/ulytau_oblysynyn_akimdigi/12626




