Жастар жылы лебіздері мен ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, үлкендерге құрмет көрсетіп, торт пен бауырсақ апарып, дастарханға тарту етті.
Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті арттыратын ерекше мереке. Бұл күні әр шаңыраққа жылулық пен береке тілеп, жақындармен қауышудың мәні зор.
Баршаңызға амандық, береке және қуаныш тілейміз!
Шаңырақ күні құтты болсын!




