Сәтбаев жастары тазалық акциясына шықты
Сәтбаев қаласының жастары қала тазалығына үлес қосу мақсатында кезекті тазалық акциясын өткізді. Іс-шара барысында қаланың орталық алаңдары мен көшелеріндегі қоқыстар тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Акцияға қатысқан ерікті жастар тұрғындарды қоршаған ортаға қамқор болуға шақырып, #ТазаҚазақстан республикалық челленджін қолдады.
Жастар: «Таза қала – өзімізден басталады! ТазаҚазақстан челленджін қабылдап, қаламыздың басқа да жастарына жолдаймыз», – деп өз үндеулерін жеткізді.
