Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Сәтбаев қаласына жұмыс сапарымен келді.
Өңір басшысы жобалар бойынша бірқатар нысандарды аралап, тексеру жүргізді. Жобаның жүзеге асырылуы Үкімет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтіп, қатаң еске салды.
Облыс әкімі аталған жобаларға қатысты құрылыс материалдарының сапасын тұрақты бақылауда ұстауды, тұрғын үй құрылысы бойынша баспана сапасын басты назарда ұстап, ақауларды жоюды, жұмысшылардың қауіпсіздік техникасын сақтауы мен еңбек тәртібіне баса мән беруді, әр кезең бойынша апталық есеп беруді, жобаға тартылған мамандардың біліктілік деңгейін қайта қарау міндетін жүктеді.
Сонымен қатар қаладағы тазалық, қоқыс мәселесін қадағалау – күн тәртібінен түспейтінін еске салып, контейнерлер сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Сәтбаев қаласында жобалар бойынша жұмыс сапасы үнемі бақылауда.
