С.Сейфуллин атындағы гимназияда Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Қ.Балмағамбетов атындағы
Сәтбаев қаласы әкімінің кубогына арналған облыстық дебат турнирі өтті. Тартысты сөз бәсекесіне Ұлытау облысына қарасты аудан, қала бойынша жалпы саны 22 команда қатысты. Ашылу салтанатында ҚР Гимні орындалып, қала әкімінің орынбасары Д.Мұқан құттықтау лебізін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бір күнге созылған пікірсайыс турнирінің қорытындысы төмендегідей:
Қазақ лигасы бойынша:
1-орын “Абсолют” командасы (Сәтбаев қаласы) 200.000тг
2-орын “Абай бол” командасы
(Жезқазған қаласы) 150.000тг
3-орын “Қос Алаш” командасы
(Жаңаарқа ауданы) 100.000тг
Орыс лигасы бойынша:
1-орын “Зенит” командасы (Жезқазған қаласы) 200.000тг
2-орын “Саламанка” командасы (Сәтбаев қаласы) 150.000тг
3-орын “Глобал” командасы
(Жезқазған қаласы) 100.000тг
Ағылшын лигасы бойынша:
1-орын “Аксиома” (Сәтбаев қаласы) 200.000тг
2-орын “Тәж” (Сәтбаев қаласы) 150.000тг
3-орын “Авеста” командасы
(Сәтбаев қаласы) 100.000тг
Үздік спикер:
Қуансейт Жәдігер (Сәтбаев қаласы) 50.000тг
Жұмабек Жансая (Сәтбаев қаласы) 50.000тг
Панаш Ерасыл (Жезқазған қаласы) 50.000тг
Балмағамбетовтер әулеті атынан берілген жүлде:
Нұрбекова Аяулым (Сәтбаев қаласы) 50.000тг
Тургумбаева Айғаным (Ұлытау ауданы) 50.000тг
Үздік жетекші:
Абельдинова Дана Бахытбековна (Сәтбаев қаласы) 100.000тг
Мағрұпжан Бексұлтан (Жаңаарқа ауданы) 100.000тг
Қыдырәлі Жалғас (Жезқазған қаласы) 100.000тг
Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!
