РУХАНИЯТ ОРДАСЫ ЖАҢҒЫРДЫ
Сәтбаев қаласында соңғы жылдары мәдени инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау, жастардың білімге қолжетімділігін арттыру – басты міндеттердің бірі. Соның жарқын дәлелі – руханият пен білімнің ордасы саналатын орталық кітапхананың жаңғыруы. Бұл жоба тек жөндеу емес, қала өмірін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Жаңарған мәдени нысан енді қала жұртшылығының бас қосатын жаңаша форматтағы ортаға айналады.
Руханият ошағы – Баубек Бұлқышев атындағы орталық кітапхана күрделі жөндеуден кейін оқырмандарымен қайта қауышты.
Бұл – 50 жылдан астам уақыттан кейін жасалған алғашқы ауқымды жөндеу. Енді кітапхана заманауи үлгіде жаңарып, жайлы да жарық мәдени кеңістікке айналды.
Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Бөрібаев қатысып, қала тұрғындарын осы тарихи оқиғамен құттықтады. Ардагерлер, құрметті азаматтар мен қала қонақтары да игілікті сәттің куәсі болды.
Бұл – тек ғимараттың жаңаруы емес, рухани жаңғырудың, білімге құштарлықты арттырудың үлкен қадамы.
Сәтбаев қаласының инфрақұрылымы жыл сайын жақсарып, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Жаңғырған кітапхана қала мәдениетінің дамуына тың серпін береді. Ол жастардың шығармашылық ізденісіне жол ашып, барлық жастағы оқырманға пайдалы орта қалыптастырады. Бұл бастама Сәтбаев қаласының рухани әлеуетін күшейтіп, келешекке бағытталған жаңа жобалардың бастамасы болмақ.
