РУХАНИЯТ ОРДАСЫ ЖАҢҒЫРДЫ!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қала күні қарсаңында руханият ошағы – Баубек Бұлқышев атындағы орталық кітапхана күрделі жөндеуден кейін оқырмандарымен қайта қауышты.

Бұл – 50 жылдан астам уақыттан кейін жасалған алғашқы ауқымды жөндеу. Енді кітапхана заманауи үлгіде жаңарып, жайлы да жарық мәдени кеңістікке айналды.

Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Бөрібаев қатысып, қала тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтады. Ардагерлер, құрметті азаматтар мен қала қонақтары да игілікті сәттің куәсі болды.

Іс-шара барысында:
• «Оқуға құштарлық» жобасы аясында белсенді оқырмандар марапатталды;
• Жас жеткіншектер шығармашылық номинациялар бойынша құрметке ие болды;
• Қонақтар кітапхананың жаңа бөлімдерімен танысты: coworking аймағы, өлкетану бөлімі, көркем әдебиет және оқу залы.

Бұл – тек ғимараттың жаңаруы емес, рухани жаңғырудың, білімге құштарлықты арттырудың үлкен қадамы.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *