Ұлытау ауылдық округінде «Конституциядағы өзгерістер мен қоғамдық пікір» тақырыбында сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы, қоғамда қалыптасқан өзекті пікірлер және алдағы референдумның рөлі жан-жақты талқыланды.
Сарапшылар жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін нығайтуға және елдің тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар реформалардың қоғам өміріндегі маңызы мен олардың ұзақ мерзімді ықпалы жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, ашық форматта сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Мұндай диалог алаңы тұрғындар мен сарапшылар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай мазмұнды кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысуына жол ашады.




