Жекелеген азаматтар тарапынан,«халықтың білім алу, дәрігер көмегіне жүгіну сияқты әлеуметтік сұранысы, енді тек ақылы түрде болады-мыс» деген жаңсақ, яғни фейк ақпарат айтылуда.
Ал шын мәнінде, Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған, және бола да береді.
Бұл Жаңа Конституция жобасында да шегелеп жазылған.
Оның айқын көрінісі – мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағыт-тала-тын-дығы.
Сонымен қатар, Ата Заңның 1-бабы«Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын-дайды.
Жаңа Конституция жобасында, бұл қызметтер де ақы төлемей алатын қызмет деп анық жазылған, сәйкесінше денсаулық сақтау мен білім беру саласында азаматтардың мүмкіндіктеріодан сайын кеңейеді деп айта аламыз.
Бұл қызметтер ақысыз деп айтылғанымен, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді және болашақта да солай болады.
Тағы қайталап айтайын, білім мен медицина азаматтарымыз үшін ақысыз әрі қолжетімді болып қала береді.
Сонымен қатар, қолданыстағы Конституцияда жазылған, «мемлекеттік» жоғары оқу орындары деген сөзді алып тастау ұсынылған.
Бұл дұрыс шешім. Неге? Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік гранттар арқылы, студенттер тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім ала алады. КИМЭП, Мақсут НарикбаевУниверситеті, Тұран сияқты университеттер жеке меншік болса да, грантты ұтып алған студенттерімізде сол университеттерде де грантпен оқуға мүмкіндіктері болуы тиіс.
Осылайша, ұсынылып отырған нормалар, аталған әлеуметтік кепілдітерді қысқартуға емес, оларды негізгі заңда заманауи әрі нақты түрде бекітуге бағытталған.
Тағы қайталап айтайын.
Азаматтардың негізгі әлеуметтік қызметтерді ақысыз алу жөніндегі барлық бұрынғы кепілдіктері толық көлемде сақталады. Бұны да халықпен кездесулерде егжей-тегжейлі түсіндірдік.
Қоғамдық ортада жиі айтылып жүрген тағы бір тақырып –сөз бостандығына қатысты.
Жаңа Конституция жобасында сөз бостандығы айқын бекітілген. Және де сын айту құқығы мен адамның қадір-қасиетін әдейі қорлау ұғымдарының ара жігі нақты ажыратылған.
Лауазымды тұлғаларды сынауға, олардың қызметіне қатысты жағымсыз пікір білдіруге болады. Біз де бұл жерде біршама лауазымды тұлғаларды қатты сынаймыз. Ол дұрыс. Дегенімен, ешкімді кемсітуге, қорлауға болмайды. Әр адамның ар-намысын мемлекет қорғауы керек деген қағида – маңызды.
Негізі, егер мұқият қарасақ адамның абыройы мен ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықты насихаттауға тыйым салу, қолданыстағы заңнамада бұрыннан бар.
Бұл – халықаралық тәжірибеде кең таралған тәсіл.
Даулы тақырыпқа айналған тағы бірмәселе – арнайы құқықтық режим енгізу. Бұл тақырып, әлі де түрлі сұрақ тудыруда (5-бап, 6-тармақ).
Бұл тұрғыда Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы – мызғымас әрі ең басты құндылық екенін біз қоғамдық ортада жалықпай айтуымыз керек.
Арнайы құқықтық режимдерді Конституция деңгейінде бекіту – елдің экономикалық егемендігін күшейтуге бағытталған қадам. Мұнда мемлекеттің унитарлығы және де мемлекеттің толық бақылауы сақталады.
Біз тіпті қазір, ғылыми қалашықтар туралы арнайы заң жобасын қарап жатырмыз. Сол қалаларда да арнайы ортаны қалыптастыру, ғылымды дамыту бойынша жағдай жасау туралыұсыныстарды бердік.
Жалпы, бұл жүйе, инвесторларға заманауи жұмыс орындарын құру, қолайлы көлік желісін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды салу міндетін жүктейді. Яғни ол өз кезегінде,тиісті өңірлерде, халықтың өмір сапасының тікелей жақсаруына әкеледі.
Арнайы режим – ірі жобалар үшін техникалық кепілдік. Алатау қаласы немесе Астана қаржы орталығыдеңгейіндегі жобалар, ұзақ мерзімді және ауқымды инвестицияларды талап етеді.
Ал қарапайым заңдар болса - бюджет тапшылығы немесе саяси конъюнктура өзгерген жағдайда оңай түзетілуі мүмкін.
Ал конституциялық деңгейде бекітілген кепілдіктер инвесторға «ойын ережелері» 5-10 жылдан кейін өзгермейтініне нақты сенім береді.
Қорыта келгенде, Жаңа Конституцияда – заман талабына жауап беретін, прогрессивті қоғамның сұранысына сай келетін, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормалар қарастырылған.




