Құрметті қала тұрғындары!
18–21 ақпан аралығында қала аумағында «Резеңке пәтер» атты алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – бір мекенжайға заңсыз түрде шамадан тыс көп азаматтардың тіркелу деректерін анықтау, жалған тіркеу фактілерінің жолын кесу және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында құқық қорғау органдары тұрғын үйлер мен пәтерлерде тіркеуде тұрған азаматтардың нақты тұру жағдайын тексереді. Сондай-ақ пәтер иелері тарапынан жалған тіркеу жасау, яғни іс жүзінде тұрмайтын адамдарды мекенжай бойынша тіркеу деректері анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. Мұндай заңбұзушылықтар көші-қон есебінің бұрмалануына, әлеуметтік қызметтерді заңсыз пайдалануға және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты қала тұрғындарын қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Егер сіз тұрғын үйді жалға берсеңіз, жалға алушыларды заң талаптарына сәйкес уақытылы тіркеуден өткізу қажет екенін еске саламыз. Заң талаптарын орындау – әр азаматтың міндеті және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Түсіністік танытып, заң талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.




