Онлайн- қарыз алу күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналғаны қашан: сіз үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде кредит ала аласыз. Алайда, оның әп-сәтте, оңай ресімделуін көп жағдайда алаяқтар пайдаланып кетеді немесе асығыс қаржылық шешімдер қабылдауға әкеледі. Азаматтарды қорғау үшін Қазақстанда онлайн-қарыздар беру кезінде шешім қабылдау кезеңі енгізілді. Fingramota.kz сізге шешім қабылдау кезеңі не үшін енгізілгенін, ол азаматтарды қалай қорғайтынын және нақты мысалдармен бұл тетіктің қалай жұмыс істейтінін айтып береді.




