Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспе бөлімінде «Әділеті Қазақстан» құндылық бағдарлары және «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы расталған, бұл әділетті мемлекеттік басқаруға, заңдылықты нығайтуға және институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған.
Құжатта қоғамдық бейбітшілік пен орнықты дамудың маңызды негізі ретінде этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Бұл еліміздегі түрлі этностар мен діндер арасындағы татулықты сақтауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Мәдениет, білім, ғылым мен инновация елдің бәсекеге қабілеттілігі мен адами капиталын дамыту факторлары ретінде маңызды басымдықтар қатарына енгізілген. Сонымен қатар, табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық әл-ауқат үшін жауапкершілік жалпы құндылық ретінде Конституцияда бекітілген.
Осылайша, Конституциядағы әділет, білім, ғылым, мәдениет және тұрақты даму қағидалары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған негіз болып отыр.




