Жезқазған қаласы Полиция басқармасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың бір күні ерте басталады. Бұл қызметте нақты уақытпен шектелген жұмыс жоқ, себебі әрбір қоңырау мен әрбір хабарлама баланың тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін.
Полиция лейтенанты Кәрім Ақбаян Талғатқызы үшін күнделікті жұмыс – құқықбұзушылықты тіркеумен ғана шектелмейді. Оның басты міндеті – оның алдын алу. Сондықтан қызметтің басым бөлігі мектептер мен колледждерде өтеді. Мұнда ол оқушылармен кездесіп, заң талаптарын қарапайым тілмен түсіндіреді, олардың сұрақтарына ашық жауап береді.
Балалармен жұмыс істеуде сенім маңызды. Әрбір жасөспірімнің мінезі мен жағдайы әртүрлі болғандықтан, инспектор әрқайсысына жеке көзқарас танытады. Кей жағдайда жай ғана әңгіме, дер кезінде айтылған ескерту немесе қолдау сөзі жасөспірімді қате қадамнан сақтап қалуы мүмкін.
Күннің екінші жартысында ата-аналармен, педагогтармен және әлеуметтік қызмет өкілдерімен бірлескен жұмыстар жалғасады. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға бару, есепте тұрған балалардың жағдайын бақылау – қызметтің ажырамас бөлігі.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың бір күні бұл – балалардың қауіпсіз болашағы үшін атқарылатын тынымсыз еңбек.




