QR-кодтар біздің күнделікті өміріміздегі қалыпты бөлігіне айналды. Біз кофе, бензин, көлік тұрағына, көрсетілген қызмет үшін ақыны телефон экранын бір басып, скан жасау арқылы төлейміз. Қызмет көрсету саласында QR-кодтар терминалдар мен қағаз мәзірдің орнына жүріп, соның арқасында қызметті әп-сәтте алу мүмкіндігіне ие болдық. Дәл осыны енді алаяқтар пайдалануда.
Бүгінгі таңда алаяқтарға банк жүйесін бұзудың қажеті жоқ, олар оның жеңіл жолын тапқан, яғни қызметтер көрсету саласында QR-кодтарды ауыстырып, адамдарды жаған сайттарға бағыттайды.
Бұл қалай жұмыс істейтіні және неге мұқият адамның өзі неліктен олардың құрығына түсіп қалатындары жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.




