🚨 Ұлттық банк банк картасының бұғатталуына қатысты алаяқтық жиілегенін хабарлайды.
🔎 Схема қалай жұмыс істейді?
* Деректер ашық көздерден жиналады (фишинг сайттары, әлеуметтік желілер, маркетплейстер);
* Қоңырау шалып, өзін банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырады;
* «Ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару не «бұғаттан шығару» үшін SMS-код сұрайды.
❗️Маңызды:
Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.
Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.
🔗 Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/informacionnye-soobshcheniya/18679




