Мессенджерлер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды: олар арқылы біз жақындарымызбен сөйлесеміз, жұмыс мәселелерін шешеміз, сервистерден хабарламалар аламыз. Мұны алаяқтар да белсенді қолданады. Бүгінгі таңда қаржылық және киберқылмыстардың көпшілігі WhatsApp, Telegram немесе басқа мессенджерлердегі хабарламадан басталады.
Заманауи схемалар күрделі жүйелерді бұзуды қажет етпейді — қаскүнемдер адамның сенімін, асығыс әрекеттері мен қорқыныш сезімін қолдану арқылы оған тікелей әсер етеді.
Ақшаңызды және деректеріңізді қалай қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік!




