Елдің бірнеше аймағында деректерді өңдеу орталықтарына арналған алқаптар салынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда мәлім етті.
- Барлық IT-инфрақұрылым сенімді және үздіксіз жұмыс істеуге қажетті қуатты деректер орталықтарын салу үшін алдын ала арнайы аймақтарды анықтау қажет. Бөлінген алаңдарда электрмен жабдықтау, салқындату және қауіпсіздік жүйелері бар деректерді өңдеу орталықтарын салу қажет. Үкімет Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп Екібастұз бассейнінің энергетикалық базасында деректерді өңдеу орталығына арналған алқап салуды жоспарлап отыр. Жақсы ұсыныс, оның қаншалықты сәтті жүзеге асырылатынын көрейік, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған деректер орталықтары металлургиялық комбинаттармен бірдей қуат тұтынатынын еске салды.
- Біз атом электр станциялары құрылысының аяқталуын күтпей, жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосумен айналысуымыз керек. Өзін-өзі энергетикалық қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы керек, - деді Президент.



