Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу және талқылау жұмыстары шамамен жарты жылға жуық уақытты алды. Бұл процесс Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында парламенттік реформаны бастау туралы бастама жариялаған сәттен басталды.
Осы бастаманы іске асыру мақсатында 2024 жылдың қазан айында парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы заңнамаға өзгерістер енгізу, билік институттарының өзара іс-қимылын жетілдіру және өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелерімен тұрақты түрде айналысты.
Сонымен бірге реформаны талқылау кең қоғамдық деңгейде өтті. e-Otinish және eGov платформаларындағы арнайы бөлім арқылы азаматтар, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар өз ұсыныстарын жолдады. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы кері байланыстың тиімді құралға айналғанын көрсетті.
Бұдан бөлек, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық ұйымдардан қолданыстағы Конституция нормаларын қайта қарауға қатысты 1600-ден астам ұсыныс түсті. Осы ұсыныстар Конституциялық реформаны бастауға негіз болды.
Нәтижесінде Конституциялық комиссия құрылып, барлық ұсыныстар жеке-жеке емес, біртұтас жүйе ретінде қаралды. Бұл Конституцияның барлық бөлімін қамтитын кешенді жаңартуға жол ашты.




