Ұлытау облысында «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын тиімді орналастыру, өңірлердегі кадр тапшылығын азайту және азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Жалпы, бағдарлама шеңберінде Ұлытау облысына 262 адамнан тұратын 60 отбасы қоныс аударды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, аталған бағдарлама аясында өңірге 125 адамды (28 отбасы) көшіру жоспарланған болатын. Нәтижесінде облысқа 16 отбасы, яғни 70 адам қоныс аударды.
2025 жылы бағдарлама шеңберінде 125 адамды (28 отбасы) көшіру жоспары бекітілді. Жыл қорытындысында Ұлытау облысына 27 отбасы, яғни 111 адам қоныс аударды.
2026 жылға өңірге 125 адамды (28 отбасы) көшіру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін 4 отбасы, яғни 18 адам қоныс аударды.
Бағдарламаға қатысушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда, көшіп келуге арналған біржолғы материалдық көмек өтінім түскеннен кейін белгіленген тәртіппен аударылатын болады.
Ұлытау облысында қоныс аудару бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасуда және өңірге қоныс аударушыларға жан-жақты қолдау көрсету қамтамасыз етіледі.




