Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы "Мир-Араб" медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды. Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды.1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін діни басқарманы басқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды(1990).
Рәтбек қажы бас мүфти болған кезде еліміздегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін көбейді, Алматыда Бас мешіт салынды. Оның бастамасымен Ислам университеті, Жамбыл облысының Меркі ауылында медресе ашылды, «Ислам әлемі» және «Шапағат-Нұр» діни журналдар шыға бастады
Алдынан жарылқасын! АллаТағала өз шапағатына алсын!




