2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары – әлемдік спорттың ең жоғары алаңы. Мұнда спортшылардың кәсібилігі, дайындығы және нақты спорттық нәтижелері басты өлшем болып табылады. Қазақстан құрамасының қатысуы бірнеше жылдық дайындыққа, халықаралық стандарттарға сәйкес спорттық іріктеуге және еңбектің жемісіне негізделген.
Олимпиадалық қозғалыстың негізгі құндылықтары – адал бәсекелестік, сыйластық және тең мүмкіндіктер. Мұнда спорттық шеберлік кез келген басқа фактордан жоғары тұрады. Сол себепті Қазақстандық спортшылар өз жетістіктері мен қажырлы еңбегі арқылы елді таныстыратын кәсіпқойлар ретінде бағаланады.
Мұндай көзқарас ұлттық құрама мүшелерінің дайындығы, тәртібі және спорттық берілгендігіне назар аударуды талап етеді. Қоғамдық қолдау мен медиа назарын да спортшылардың шеберлігі мен кәсібилігіне бағыттау – ел спортының дамуы мен халықаралық ареналардағы жетістіктердің кепілі.
Қазақстандық команда Милан-Кортината Олимпиадасында кәсібилік пен табандылық арқылы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуда.




