Бұл туралы бүгінгі кеңейтілген аппарат жиынында қала әкімі Мұрат Бөрібаев мәлімдеді.
- Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында ұлттық киімді кеңінен насихаттау жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатында әкімдікте аптаның әр дүйсенбі күні Ұлттық киім күні болып белгіленді. Осыған байланысты барлық қызметкерлерді осы міндетті орындауға, ұлттық киімді кию арқылы ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге шақырамын. Сонымен қатар, барлық мекеме басшылары мен жауапты тұлғаларға бұл талаптың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылады – деді қала әкімі.
Барша мемлекет қызметкерлеріне үлгі болуға тиіс бұл бастамаға «Мұсылманшылық әсте – әсте», «Ұзақ жол алғашқы адымнан басталады» демекші, өміршеңдік тілейміз!
Абдолла Нұртауұлы




