ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Өзіммен өзім егестім,
Өзіммен өзім кеңестім.
Анау айтқандай төгілген,
Мен лирик ақын емеспін.
Ғарышта өмір сүрмеймін,
Жұлдыздарменен жүрмеймін.
Қайыңдар сырын ашпайды,
Құстардың тілін білмеймін.
Алмадым шабыт ақ қардан,
Бақ іздемедім бақтардан.
Таппадым өлең іздерін,
Тапталған жапырақтардан.
Басқаша менің әлемім,
«Даридай» атым – дәлелім.
Айтыс ақыны болған соң,
«Ә» десе анау «мә» дедім.
Шындықтың дәні еккенім,
Бөлектеу менің мектебім.
Сондықтан өлеңдерімде,
Барды - бар, жоқты - жоқ дедім.
Жүрмейді ақын дүмпусіз.
Дау да айтарсыз, мүмкін, Сіз?!
Уһілеп маңай жатқанда,
Жатпайтын жанмын үн-түнсіз.
Килікпес жерге киліккем,
Шүйлікпес жерге шүйліккем.
«Тәртіпсіз» өлеңдерім үшін,
Таяқ та жегем биліктен.
Түсіре алмады еңсемді,
Сүйексіз тілім - семсер-ді....
Бүгінде әлеужелінің,
Жауынгерімін белсенді!
Мұқаш Сейтқазиноа




