2026 жылдың 25-26 ақпан күндері Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында Ерден Сандыбайұлы атындағы VІ республикалық ұлттық аспаптарда орындаушылар байқауы өтеді.
Байқаудың құрылтайшысы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Сәтбаев қаласының әкімдігі болып табылады.
Байқаудың негізгі мақсаты - ұрпақты ұлттық өнерге баулу, халыққа ұлттық аспаптар мен өнерді насихаттау, патриоттық сезімді ояту, таланттарды анықтау, дәстүрлі күй өнерін ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыру болып табылады.
Байқаудың міндеттері - ұлттық аспаптар мектебінің дәстүрін сақтап, күйдің ұмытылып бара жатқан өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастыру; талантты орындаушыларды анықтау және олардың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасау; халық және қазіргі заман композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттау
Байқаудың қазылар алқасының құрамында:
Қосбасаров Базархан Әбуұлы - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», профессор, қобызшы, еңбек ардагері, қазылар алқасының төрағасы.
Тілегенов Бағдат Беспайұлы - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», мемлекеттік «Құрмет» орденің кавалері, «Сазген сазы» фольклорлы - этнографиялық ансаблінің жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі.
Жанар Бекетқызы Жүсіпова - Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрінің солисі, қобыз тобының концертмейстері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Хиуаз Доспанова және Ықылас Дүкенұлы медальдарының иегері, мемлекеттік «Құрмет» орденінің кавалері, күйші, композитор, қазылар алқасының мүшесі.
Шолпан Қорғанбек Ділдәбекқызы - Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының "Қорқыт" этно-ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, қазылар алқасының мүшесі.
Алдажанова Дәрігүл Темірханқызы – Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайының дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі. Сәтбаев қалалық өнер мектебінің ұстазы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты.
Байқауға 16-38 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы аумағынан 40 үміткер қатысады. Байқау екі кезеңде өтеді.
Байқаудың бағдарламасы:
25 ақпан 2026 жыл
сағ. 10.00-де Ашылу салтанаты
сағ. 11.00-де I кезең
26 ақпан 2026 жыл
сағ. 10.00-де II кезең
сағ. 14.00-де Марапаттау рәсімі




