Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Жаңалықты бөлісіңіз:

27 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ресей Орталық Азия өңіріндегі ірі геосаяси ойыншылардың бірі болып табылады, оны елемеу мүмкін емес. Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың келіссөздерінде Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастарды дамыту мәселелері басты назарда болды. Экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында жаңа құжаттар қабылданды.
Бұл сапар Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған алаң болуы ықтимал. Өңірдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес және басқа да мәселелер бойынша ынтымақтастық өзекті болмақ. Мемлекет басшыларының кездесуі көрші елдер арасындағы достық қатынастарды нығайту саясатының көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан геосаяси тұрғыдан Ресей үшін маңызды рөл атқарады, оның ішінде транзиттік маршруттарды пайдалану арқылы Ресейдің энергетикалық және сауда тәуелсіздігін арттыруда да ерекше маңызға ие.
Сонымен қатар, кездесу барысында аймақтағы қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай мен шекаралық қақтығыстар талқыланды. Екі елдің бірлескен жұмысы аймақтың бейбіт дамуына негіз бола алады.

Нұрпейсов Ғалымжан, қалалық мәслихат депутаты.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *