жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025

РЕАКТОР ТАБЛЕТКАЛАРЫ – ТИІМДІ ЭНЕРГИЯЛЫҚ ОТЫН

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде жалпыхалықтық референдум өткелі жатқан мәлім. Халыққа осы маңызды саяси оқиға қарсаңында АЭС туралы көптеген ақпараттар ұсынылуда. Соның бірі – атом реакторларында пайдаланылатын таблеткалар.

Су-су энергетикалық реакторға арналған таблетка кішкентай болады. Оның салмағы – бар-жоғы 4 грамм, бірақ онда көп энергия бар. Мысалы оның күші 1 жыл бойы 250 ватт энергия өндіріп тұруға жетеді. Ал дәл осындай өлшемдегі кәдімгі батарея 1 сағат ішінде бірнеше ватт қана береді, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қалдықтар – бұл энергия өндірудің жанама өнімі. 

Көптеген өнеркәсіптен жанама өнімдер қалады. Жалпы энергия өндірісі болмаса, қалдық та болмас еді. Сондықтан қалдықтарды барынша бақылау керек. Бірақ ВВЭР реакторының таблеткасы кішкентай 4 граммдық зат. Оның ішінде 1 тонна, яғни 1 мың килограмм көмірге тең энергия бар. Сондықтан өндірілетін энергиямен салыстырғанда оның қалдық көлемі салыстырмалы түрде аз болады, – дейді Жан-Филипп Жерар.                

Светлана Кабулова, газет тілшісі.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *