Қызылорда облысында оныншы «Келешек мектебі» ашылды – Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аймаққа жұмыс сапарымен барды
⚜️ Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі оныншы «Келешек мектебінің» ашылу салтанатына қатысты. Тұсаукесер шарасына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары, білім саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, оқушылар және ата-аналар қатысты.
🔸 Жаңа білім ошағы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мектепте ғылым, технология, инженерия және математика бағытында тереңдетілген білім беруге мүмкіндік беретін зертханалар, интерактивті сыныптар және цифрлық орталықтар ашылған. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған өнер студиялары, робототехника кабинеті және спорт залдары жұмыс істейді.
🔸 Сапар барысында министр ұстаздар құрамымен кездесіп, оқу үдерісінің сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы мен кадрлық әлеуетті күшейту бағытындағы жоспарлармен бөлісті. Жергілікті білім беру ұйымдарының өкілдері де өз ұсыныстарын айтып, маңызды мәселелерді талқылады.
🔸 Жұлдыз Сүлейменова жаңа мектептің ашылуы өңірдің білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтіп, «Келешек мектебі» жобасының балаларға сапалы, қолжетімді және заман талабына сай білім алуға жол ашатынын жеткізді.
➡️ Толығырақ gov.kz сайтында.
