ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет басшысын күтіп алу рәсімі Внуково-2 әуежайында әскери құрметпен өтті.

Әуежайда Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы сап түзеп, әскери үрмелі оркестр Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Президент Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған. Сапар аясында Қазақстан мен Ресей басшылығы саяси, экономикалық, өнеркәсіптік, энергетикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылауы күтіледі. Сонымен қатар сауда көлемін арттыру, өңірлік қауіпсіздік және бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыру тақырыптары күн тәртібінде тұр.

Қасым Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге бұл сапары екі мемлекет арасындағы өзара сенімге негізделген қарым-қатынастардың жоғары деңгейін айқындайды.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *