1926жылы Томск еология институтын бітірген жас инженер-геолог Қанвш Сәтбаеатың Қарсақбайға табан тіреп, Ұлытау-Жезқазған аймағында еңбек жолын бастағанына биыл – 100 жыл.
«Қаныш Сәтбаев және Үлкен Жезқазған» салтанатты жиыны қазақ мысының қарашаңырағы – Қарсақбайдан басталды. Іс-шара «Қазақмыс Корпорациясы» жанындағы ардагерлер кеңесінің бастамасы мен Ұлытау ауданы әкімдігінің, Ұлытау облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілді. Мерейтойлық жиын Қарсақбай кентіндегі Мәдениет үйінде басталды. Дәуірлік тарихы бар ғимраттың қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Қарсақбай Мәдениет үйі бір ғасырдан астам өңір халқына мәдени, рухани қызмет етіп келеді. Өлкедегі тұңғыш аудан-Қарсақбай ауданын құру жөніндегі алғашқы конференция да 1926 жылы 10-15 қазан күндері осы ғимарат қабырғасында өткен. Соған орай қабырғаға Ескерткіш тақта орнатылды. Жиынды Ұлытау ауданының әкімінің орынбасары А.Қ.Сакипов ашып, сөз сөйледі.
Бұдан соң «Қаныш Сәтбаев және Үлкен Жезқазған» тақырыбында ардагерлер мен жастардың салтанатты кездесуі өткізілді. Ардагерлер ұлы тұлғаның баға жетпес мұрасы жөнінде естеліктерімен бөліссе, өнерпаздар Қ.Сәтбаев шырқаған әндерді орындады.
Мәдениет үйінде Қ.Сәтбаевтың Ұлытау-Жезқазған аймағындағы зерттеулері, осы өлкеде өткізген 15 жыл ғұмыры және ғылымда қалдырған мұрасы жөнінде үлкен көрме өткізілді.
Салтанатты кездесу жиыннан кейін тарихи білім ұясы – Қарсақбай мектебінің ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. Музейде ардагерлерге арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Кездесуге Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан арнайы келген ардагер кенші металлургтер мен мәдениет саласының қайраткерлері Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин музейінде болып, өлке индустриясының тарихымен танысты. Ардагерлер үшін музей ұжымы «Ежелгі Жезқазған шеберханалары» экспозициясында, ашық аспан астында арнайы театрландырылған экскурсия өткізді.




