«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы бейнероликтер мен әлеуметтік видеолар кеңінен таратылуда. Роликтерде тазалық сақтау, табиғатты қорғау, қоқысты сұрыптау және қоғамдық орындарды күтіп ұстау мәселелері қамтылған.
Бейнематериалдар тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Әсіресе, жастар арасында мұндай роликтер үлкен қолдау тауып, әлеуметтік желілерде белсенді таралуда.
Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор роликтер арқылы қоғамға пайдалы әдеттер насихатталып, елді мекендердің тазалығын сақтау мәдениеті арта түсуде.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы осындай ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.




