Бауыржан Жанпейісова – адал еңбегімен, кәсібіне деген жауапкершілігімен ерекшеленетін тәжірибелі жұмысшы маман. Қазіргі уақытта ол Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жүргізуші болып қызмет атқарып келеді. Бұл салада еңбек етіп жүргеніне 3 жылдан астам уақыт болды.
Еңбек жолын техникамен байланыстырғанына 42 жылға жуықтаған маман бұған дейін трактор жүргізушісі болып жұмыс істеп, түрлі күрделі техникаларды меңгерген. Ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибе оның кез келген тапсырманы сапалы әрі уақытылы орындауына мүмкіндік береді.
Табиғи аумақта қызмет ету – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қиын жол жағдайлары мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ол өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Маманның айтуынша, техникамен жұмыс істеу – өмірінің ажырамас бөлігі, ал қазіргі қызметі өзіне шабыт береді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарының маңызын көрсету, олардың тынымсыз еңбегін насихаттау – жас ұрпаққа үлгі. Осындай тәжірибелі мамандар ел дамуына өз үлесін қоса береді.




