Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласына жасаған жұмыс сапары аясында халықаралық деңгейдегі бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Әлемдік экономикалық форум алаңында Мемлекет басшысы шетелдік әріптестерімен және беделді халықаралық ұйымдар өкілдерімен пікір алмасты.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен және Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен аз-кем әңгімелесті. Сонымен қатар Индонезия Президенті Прабово Субиантомен де кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері төңірегінде ой бөлісті.
Президент сондай-ақ Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиномен кездесу өткізді. Кездесулер барысында жаһандық экономикалық үрдістер, халықаралық ынтымақтастық пен өзара серіктестікті дамыту мәселелері қозғалды.




