Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы кең көлемде жалғасып жатыр. Аталған бастама аясында елді мекендерді тазарту, көшелерді абаттандыру, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жүргізілуде.
Акцияға мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, жастар, еріктілер және қала тұрғындары белсенді қатысуда. Сенбіліктер ұйымдастырылып, саябақтар мен аулалар қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілуде.
«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – табиғатты аялау, туған жерге жанашырлық таныту және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыру.
Таза қала – жайлы өмір кепілі. Сондықтан әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосуы маңызды.




