Жаңалықты бөлісіңіз:

Тәуелсіз елдің ең басты рәміздерінің бірі –Ұлттық валюта. КСРО ыдырап, еліміз Тәуелсіз мемлекетке айналса да, өзіміздің қаржы саясатымызды еркін жүргізе алмай, бірер жыл бұрынғы астана –Мәскеуге жалтақтап жүргеніміз де белгілі. Сол кезде Ресей өз ақшасын енгізді де, біз ескі ақшаның бәрі біздің елге қарай жөңкіліп келіп жатты.   Ақша күн санап емес сағат санап құнсызданып жатты. Халықтың арасында  «Өз ақшамыз болмай ма екен?» деген   әңгіме айтыла бастады. 1993 жылдың 15 қарашасында кешкілік теледидардан еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  өз валютамыздың –Теңгенің айналымға енетінін жариялады. Бұл хабарды халық қуана қарсы алды. Міне, сол күннен бастап Қазақстан қаржылық саясатын өзі дербес жүргізе бастады.Теңге — біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.

Теңгенің айналымға енуі елімізде қаржы саласының жаңа буынын қалыптастырды. Солардың бірі Гүлнар Әбдікәрімова. Ол қазір Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының бас маманы – бас қазынашы болып қызмет атқарады.

Ұлытау ауданы Сарлық ауылында дүниеге келген Гүлнар еңбек жолын тігінші –моторист болып бастаған еді. Кейін арнайы білім алып, қаржы саласына келді. Атап айтқанда, оның қаржыгерлік жолы 2004 жылы қатардағы жетекші қазынашы болып басталды. Міне, содан бері тура 20 жыл зырғ,ып өте шығыпты. Гүлнар Сұлтанбайқызы бүгінде білікті де майталман маманға ,   жинаған тәжірибесі, еткен еңбегі арқасында ұжымның алдында абырой -беделі өскен өзгелерге үлгі – өнеге иесіне айналды.     Қаншама рет мақтау, марапатқа ие болды.  Әріптестері Гүлнар Сұлтанбайқызын білікті маман ретінде  құрметтейді, қадірлейді. 

-Мен үшін ең биік марапат осы –дейді оның өзі де. Бұлай дейтін де себебі жоқ емес. Өйткені, бірге жүрген әріптестеріңнен артық сенің қадір –қасиетіңді ешкім де жақсы біле қоймайтыны рас қой.

Өмірде әйел затының алатын орны ерекше ғой.  Әйел – тіршіліктің тамыры, шаңырақтың ұйытқысы, сол себепті әйел затының қоғамдағы, адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерек. Еліміздің даму болашағына өзіндік үлесін қосуда нәзік жандылардың орны айрықша. Гүлнар Сұлтанбайқызы да осындай мемлекеттік қызметте белсене қызмет көрсету арқылы эконмикамыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қазақтың аяулы қыздарының бірі.   

Абдолла Нұртауұлы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *