Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың маңызды міндеті. Қала аумағында санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында полицияның жедел басқару орталығы бейнебақылау камералары арқылы тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
Жүргізілген бақылау нәтижесінде кейбір тұрғындардың габаритті, яғни ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарды контейнер алаңдарына ретсіз шығарып, белгіленген талаптарды сақтамай жатқаны анықталды. Атап айтқанда, жиһаз қалдықтары, тұрмыстық техника және құрылыс материалдары секілді қоқыстарды арнайы рұқсат етілмеген орындарға қалдыру фактілері тіркелген.
Осыған байланысты еске саламыз: ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарды қоқыс контейнерлеріне немесе олардың маңына өз бетінше тастауға қатаң тыйым салынады. Мұндай қалдықтарды шығару арнайы қызметтер арқылы немесе белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл – тек құқықтық талап қана емес, сонымен қатар қала тазалығы мен тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе.
Қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарауға және белгіленген ережелерді қатаң ұстануға шақырамыз. Әрбір азаматтың жауапкершілігі – таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізі.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК




