Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың бірнеше жерде жұмыс істеу шарттарын түсіндірді. Министрдің айтуынша, елде бірнеше жұмыста еңбек етуге рұқсат етілген, алайда белгілі бір шектеулер бар.
Яғни, екі емес, тіпті төрт жерде де жұмыс істеуге болады. Алайда бір талап сақталуы тиіс: бір тәуліктегі жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы керек. Бұл – Қазақстанның Еңбек кодексінде белгіленген норма.