Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты биыл 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында сауалнама жүргізді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысынан және республикалық маңызы бар – Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысты.
